Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда базар сатушыларына есірткі және психотропты заттарды жарнамалағаны үшін айыппұл салынды

Алматыда базар сатушыларына есірткі және психотропты заттарды жарнамалағаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы мен Алматы қаласы Полиция департаменті Медеу аудандық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері алдын алу жұмысы барысында Оңтүстік астананың «Көк базарында» іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – есірткі және психотроптық заттарды заңсыз жарнамалауды анықтау.

– Жас ұрпақты заңсыз ықпалдан қорғау қажеттілігі есірткі таратушыларға жазаны қатаңдату үшін негіз болды. Заң болып Қылмыстық кодекске «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» жаңа нормасы енгізілді. Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жауапкершілігі қарастырылған, – деп түсіндірді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмыстарына күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Мұндай жарнамаларды полиция қызметкерлері көптеген сауда орындарынан тапты. Әр түрлі бейнелері бар футболкалар, бас киімдер, панамалар – бұл зиянды өмір салтын насихаттау. Мұндай нәрселер базарларда пайда болмауы керек. Барлық құқықбұзушыларға ҚР ӘҚбК-нің 423-бабы бойынша хаттама жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру