Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бейнебақылау жүйесі арқылы 3 мың қылмыс ашылды

Алматыда бейнебақылау жүйесі арқылы 3 мың қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы шаһарда бейнебақылау жүйесінің көмегімен 3 мың қылмыс ашылып, жол қозғалысы ережелерін бұзуды қоса есептегенде 3 728 094 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Алматыда барлығы 176670 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша оның 25278-і көпқабатты үйлерге орнатылды. Қала жолдарында - 10816, білім беру нысандарында - 38 540, денсаулық сақтау нысандарында - 6057, спорт нысандарында - 1940, қоғамдық орындарда - 1746 қоғамдық орындарда, әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде - 90 956, метрополитенде және қоғамдық көліктерде - 1337.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру