Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұлы бар жүргізушілер ұсталды

Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұл қарызы бар жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция жол қозғалысы ережесін бұзған құқық бұзушыларды анықтау бойынша жүйелі түрде жалғастыруда. Соңғы 24 сағаттың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, иелері бірнеше рет айыппұл төлеуден жалтарған 6 көлікті ұстады.

Азаматтардың бірінде 5 млн 500 мың теңгеден астам қарызы бар. Тағы бір  Toyota Alphard көлігінің жүргізушісінде 1 миллион 086 мың теңге айыппұл. Барлық автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіліп, иелеріне көрсетілген мерзімде қарыздарын толық өтеу қажеттігі туралы ескертулер берілді.

- Жазаның бұлтартпастығы - жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі қағидасы. Азаматтар айыппұлдарды жүйелі түрде елемеу - көлікті ұстаудың бір жолы екенін түсінуі керек. Алдын алу жылында біз формальды емес, заңдылықты нақты сақтауға тұрақты түрде күш салып жатырмыз, - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру