Алматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды
Алматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
– Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің телефонын ұрлап, «ізін суытқан». Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.