Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бірқатар алаяқтыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Алматыда бірқатар алаяқтыққа қатысы бар ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы алматылық алдаудың айла-шарғысын әзірлеген, бірақ ол ұсталды.

– Ол кейбіреулеріне жүргізуші куәлігін ауыстыруды немесе алып беруді, ал басқаларына шетелдік көліктерді қайта тіркеуді және оларды Қазақстанда тіркеуді ұсынды. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Тергеу барысында тағы бір алдау дерегі анықталды. Ер адам заңдастыруды сылтауратып, өзінің сүйіктісінен Грузиядан әкелінген көлікті алып, сатып жіберген. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Күдікті қамауға алынды, – деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру