Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бұрын-соңды кездестірмеген азаматтарға шағын несие рәсімдеген онлайн-алаяқ ұсталды

Алматыда бұрын-соңды кездестірмеген азаматтарға шағын несие рәсімдеген онлайн-алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Д.есімді азаматша өзін мүдделі сатып алушы ретінде таныстыра отырып, саудагердің ЖСН және банктегі шот нөмірін сұраған, содан кейін шағын несие ұйымдарынан онлайн режимінде несие рәсімдеді.

– Бір сөзбен айтқанда, интернет-дүкендер негізінен жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары болып табылады. Бизнес-аккаунттардың иелері, тауардың ақшасын алдын-ала төлегісі келген сатып алушы әйелге сұралған жеке деректерді еш күдіктенбестен жіберді. Виртуалды байланыстың екінші жағында, әдетте, әйел адам болды, өйткені интернет-дүкендер балалар заттарын, балалар тағамдарын, жүкті әйелдерге арналған заттарды, косметиканы және т.б. заттарды сатумен айналысты. Интернет-сатушылар өздерінің жеке деректерін жібере отырып, желінің ар жағындағы сыпайы қыз осылай әрекет етеді деп елестете де алмады. Алдаудың құрбаны болғандарға, несие алуға өтініш беру кезіндегі сомалар әр түрлі болды, орташа айлық жалақы есебімен 120-дан 150 мың теңгеге дейін. Осы тізбек бойынша күдікті бір жылға жуық уақыт ішінде желілердегі сенгіш әйелдерді алдап келген, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін мойындап, жауап берді. Д.есімді азаматшаның қала ішінде осындай 17 құқық бұзушылыққа қатысы бар екендігі анықталды. Жалған сатып алушы Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру