Алматыда дәріханалардың бірнеше қызметкері тоналды
Алматыда дәріханалардың бірнеше қызметкері тоналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы Р.есімді азамат ұсталды. Ол біздің ауданда орналасқан дәріханалардың қызметкерлерін тонады деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша эпизодтардың бірінде, күдікті ем-шара бөлмесінен бөтеннің телефонын ұрлап кеткен. Бейнебақылау жүйелерін талдағаннан кейін қаскөйдің дәріханаға қалай кіргені және жан-жағына қарап, ем-шара бөлмесінде телефонды көргені анықталды. Телефонды қолына алып, фармацевт келушілермен қолы босамай жатқанда, жайбарақат көшеге шығып кеткен. Ұсталған адамның өзі қылмысқа қатысы барын жоққа шығармайды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.