Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде

Алматыда «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Демалыс күндерінде жедел жағдайды тұрақтандыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, сондай-ақ балалардың құқықтарын бұзу деректерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалмауын қадағалау, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында 9-11 тамыз аралығында Алматы қаласы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және қоғам белсенділерін тарта отырып, жалпы қалалық «Демалыс» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, улы және психотроптық заттарды тұтынатын қоғамға қарсы бағыттағы кәмелетке толмағандар топтарын анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кешкі және түнгі уақытта үйден тыс жерде болу деректерін анықтау. Іс-шараның тиімді әрі нәтижелі өтуіне білім беру органдары, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері, педагогикалық ұжымдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және ІІО-ның басқа да қызметтерінің өкілдері жұмылдырылған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру