Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға берген

Алматыда екі жасөспірім жалға алған пәтерлерін қайта жалға берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы ауданының полицейлері анықтағандай, 20 және 17 жастағы азаматтар болжам бойынша тамыз айынан бері алаяқтықпен айналысқан.

– Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, алғашында жастар ғаламтор арқылы өздерінде жоқ пәтерлерді күнделікті жалға беру туралы хабарландыруларды таратқан. Олар алдын ала төлемді алған соң, ұялы телефондарын өшіріп тастаған. Әрі қарай, ағайындылар өздері бір күнге жалға алған пәтерлерді ұзақ уақытқа жалға беруге кірісті. Кейде олар бірнеше айдың жалдау ақысын алатын. Алданған азаматтар полицияға көмек сұрап жүгінген. Күдіктілер ұсталды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас алты эпизод анықталды. Күдіктілердің жеке басы басқа да алдау әрекеттеріне қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр.

Алаяқтың жасаудың осыған ұқсас дерегі анықталған жағдайда, полиция қызметкерлері азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру