Алматыда экскаватор жүргізушісі индустриалды аумақта мас күйінде жұмыс істеген
Алматы қаласында индустриалды аумақта мас күйінде жұмыс істеген экскаватор жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
51 жастағы азаматты индустриалды аймақта полиция қызметкерлері ұстады. Оның әрекеттері тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінген.
– Ер адам қатты қобалжып тұрған, одан алкогольдің иісі шығып тұрды. Біздің күдігімізді сот-наркологиялық сараптама растады, ол аталған азаматтың мас екенін анықтады. Жүргізуші ауыр құрылыс техникасын басқарудан шеттетілді. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ ӘПБ басшысы Баукен Байымбетов.