Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда елде болу мерзімі аяқталған Нигерия азаматтары анықталды

Алматыда елде болу мерзімі аяқталған Нигерия азаматтары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мен қалалық ҰҚКД қызметкерлері Алматының Алмалы ауданында орналасқан хостелдердің бірінде 14 Нигерия азаматын анықтады.

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдері өткені белгілі болды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-дан шығудан жалтарғаны үшін 12 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 2 шетелдік ПД-ның қабылдап таратуына орналастырылды. Қазіргі уақытта қабылдаушы жеке және заңды адамдарды анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру