Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда электрлі самокатты қауіпсіз айдау бойынша науқан өтті

Алматыда электросамокатты қауіпсіз айдау бойынша науқан өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері кикшеринг компаниясымен бірлесе отырып, электросамокатты қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіруге бағытталған профилактикалық науқан өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсатты аудиториясы – жастар. Ұйымдастырушылар жаңа оқу жылының басталуымен бұл көлік түрін пайдаланушылар саны дәстүрлі түрде артатынын атап өтіп, жастар арасында жолда жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Науқанға қатысушыларға электросамокатпен жүру ережелері, қорғаныс құралдарын қолдану қажеттілігі, сондай-ақ заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтылды.

- Электросамокат жастар арасында кең таралған көлік түріне айналғанын жақсы түсінеміз. Алайда, қолайлылықпен бірге жауапкершілік те келеді. Біздің мақсатымыз – тыйым салу емес, осы көлік құралын дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануды үйрету. Жаңа оқу жылының басы – оқушылар мен студенттерге жол ережелері мен жеке тәртіптің маңыздылығын еске салатын маңызды кезең. Біз әрбір адамның өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы түрде қарағанын қалаймыз, – деді, Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматы қаласының полициясы электросамокаттарды жалға беретін компаниялармен және оқу орындарымен бірлесіп, жастар арасында құқық бұзушылықтар мен жарақаттану жағдайларын азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру