Алматыда ер адамнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Алматыда ер адамнан синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер "синтетикамен" 33 жастағы ер адамды ұстады. Оның Hyundai көлігін патрульдік полиция қызметкерлері, "Буран-201" экипажы тоқтатты.
- Инспекторлар жол ережесін бұзғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып жатқанда, ол қобалжып, өзіне орын таба алмады. Бұның себебі - оның көлігін тінту кезінде анықталған бумалар. Барлығы белгісіз зат салынған 224 бума тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Олардың шығу тегі мен тиесілігі сот-химиялық сараптамамен анықталады. Күдікті өзін қорғау мақсатында шөпті интернет-дүкеннен жеке пайдалану үшін сатып алғанын айтты. Дегенмен, мұндай көлемдегі есірткі одан әрі бөлшек саудаға арналғаны туралы күдік бар. Біз бұл нұсқаны міндетті түрде жедел түрде тексеретін боламыз, - деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.