Алматыда ерлерге арналған киім мен аяқ киім дүкенін тонаған үшеу ұсталды
Алматыда ерлерге арналған киім мен аяқ киім дүкенін тонаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері брендтық киімдерді бағалайтындарды ұстады.
Қазақстанның әр өңірінен келген 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғын, жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім дүкенін тонап кеткен.
Сонымен қатар, олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқаны анықталды, олар үшін лайықты жаза тағайындалады.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталған.
Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген.