Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі арналарын насихаттайтын QR кодтар жапсырған әйел ұсталды

Алматыда есірткі арналарын насихаттайтын QR кодтар жапсырған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тыйым салынған интернет-ресурстарға бағыттайтын QR кодтары бар жарнамалық парақшаларды таратты деген күдікпен әйел адамды ұстады.

Полицияның мәліметінше, бұл жарнамаларда толық емес жұмыс уақытымен жұмыс ұсынылғаны көрсетілген. Алайда тергеу барысында көрсетілген сілтемелердің есірткі сатумен айналысатын мессенджерлік арналарға апаратыны анықталды.

Күдіктіден ондаған парақша мен тапсырмалар алмасып отырған бірнеше ұялы телефон тәркіленді.

- Мұндай жарнамалар – азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартатын қылмыстық тізбектің бір бөлігі. Біз қала көшелерінде, аулаларда және халық көп шоғырланатын орындарда бақылауды күшейттік. Барша тұрғындарды қырағылық танытып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар өзге де адамдар мен мән-жайларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Полиция егер сіз осындай жарнамаларды байқасаңыз, дереу "102" нөміріне хабар берулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру