Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі қоюшылар ұсталды

Алматыда есірткі қоюшылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұл жолы есірткі қылмысымен 25 жастағы А. есімді азамат және 19 жастағы Н. есімді азамат айналысқан. Екеуі де алматылықтар.

– Есірткі сатушылар отырған Lexus көлігін полиция қызметкерлері Қайырбеков көшесінің бойынан тоқтатты. Көліктің ішінен жәшік табылды және тәркіленді, оның ішінде жасыл түсті, ерекше иісті, өсімдік заты бар екі полиэтилен байламы болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 375,62 грамм марихуана екені дәлелденді. Сондай-ақ, аталған көліктің багаж бөлігінде 136 полиэтилен байламы табылды және тәркіленді, оның ішінде жабайы өсетін кендірдің ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары оралған. Байламдардағы шөптің салмағы –  127,53 грамм, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Жауап алу кезінде күдіктілер есірткі қоюшы ретінде «жұмыс істейтінін» мойындады. Тауарлар пошта арқылы, ал тапсырыстар танымал мессенджер арқылы қабылданған.

– Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 5-тармағымен сараланады. Естеріңізге сала кетейік, бұл есірткі қылмысы үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Ерлан Әлмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру