Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі жарнамалаушылар қолға түсті

Алматыда есірткі жарнамалаушылар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының орталығында заңсыз есірткі жарнамасымен айналысқан адамдар ұсталды. Олар ғимараттардың қасбеттеріне есірткі ресурстары туралы жарнамалар орналастырып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді.

Алғашқы жағдайда 35 жастағы жергілікті тұрғын Жароков пен Жамбыл көшелерінің қиылысында Алмалы аудандық полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Тінту барысында күдіктіден QR кодтарымен есірткі сатуға қатысты жұмыс ұсыныстары жазылған 72 парақша табылып, тәркіленді. Ол бұл брошюраларды тұрғын үйлердің маңайына таратып үлгерген. Аталған азаматтың осыған ұқсас қылмысы үшін бұған дейін де сотталғаны анықталды.

Келесі жағдай Медеу ауданының полицейлері мен прокуратураның үйлесімді жұмысының арқасында әшкереленді. 18 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны трафарет пен бояуды пайдаланып, тұрғын үйлердің қабырғаларына есірткі сату ресурстарының мекенжайларын жазып жатқан жерінен ұсталды. Қылмыс орнында қолға түскен күдікті қазір тергеуде.

Осы оқиғалар бойынша аудандық полиция басқармалары есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау деректері негізінде қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де қамауға алынды.

Алматы қалалық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері есірткі жарнамалаған 30-дан астам адам ұсталып, олардың бесеуі сотталған. Сонымен қатар, есірткі таратуға қатысты ақпараттар жазылған 10 мыңға жуық граффити табылып, бояу арқылы жойылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру