Алматыда есірткінің кезекті сатушылары тұтқындалды
Алматыда есірткінің кезекті сатушылары тұтқындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы полицияның назарына 20 және 22 жастағы екі жігіт ілікті. Олар қаланың көпқабатты үйлері орналасқан аймақта жүрді.
– Біздің бөлімнің қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда «Көктем» ықшамауданында қолға түсіру бойынша арнайы іс-шараны жүргізді, нәтижесінде 2000 жылы туған К.есімді азамат және 1999 жылы туған С.есімді азамат ұсталды, бұрын есірткімен байланысты қылмыстары үшін жауапқа тартылған. Іс жүргізу тәртібінде олардан ұнтақ заты бар 72 орама тәркіленді, олардың тиесілігін қылмыстық іс шеңберінде тағайындалған сараптама анықтайды. Осы факті бойынша тергеу және тиісті жедел шаралар жалғасуда, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.