Алматыда халықаралық әуежайдағы такси жүргізушілеріне қатысты жағдай шешілді
Алматыда халықаралық әуежайдағы такси жүргізушілеріне қатысты жағдай шешілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы жеке кәсіпкер Мұсабек Манасбаев Алматы қалалық полиция департаменті басшылығына жазған алғыс хатында хабарлады.
– Көрсетілген кәсібилік, түсіністік үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Б.Мырзағалиға және Түрксіб аудандық полиция басқармасы ЖПҚ басшысы С.Нүркеновке және учаскелік инспекторлар С.Құмасбеков, Д.Қайратов, Т.Искандаров, И.Сейдалимовке алғысымды білдіремін. Бұл полицейлер өздерінің барлық ең жақсы адами және кәсіби қасиетін көрсете отырып, көптеген заң бұзушылықтың жолын кесті. Әуежай аумағында тәртіп қалпына келтіріліп, адал такси жүргізушілерінің абыройына нұқсан келтірген немқұрайлы жеке такси жүргізушілеріне қатысты мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазақстан полициясында осындай қамқор мамандар қызмет етіп жатқанына өте қуаныштымын, – деді үндеу авторы.