Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері жедел уәкілдермен кездесті

Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері жедел уәкілдермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың бастамасымен құрылған тәлімгерлік кеңесінің жұмысы аясында өтті. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында ҚР ІІМ еңбегі сіңген 13 ардагер кеңесінің бірінші отырысында Алматы полициясының барлық қызметтері мен бөлімшелеріне кураторлар тағайындалған болатын.

Департамент аппаратының жедел қызметтері Василий Симачевке жүктелді, ол қылмыстық іздестіру бөлімінің инспекторынан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейін көтерілді.

– Құрметті Василий Васильевич! Сіз мемлекет Тәуелсіздігінің бастауында және қазақ полициясының қалыптасуына куә болдыңыз. Жаңа форматтағы полиция қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеуде сіздердің білімдеріңіз, даналықтарыңыз және бай өмірлік тәжірибелеріңіз бұрынғыдан да маңызды.

Бүгінгі кездесудің басты міндеті – өзара тәжірибе алмасып, полиция қызметкерлерінің тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылау. Сіз өзіңіздің кәсіби және қызметтік міндеттеріңізді адал және мінсіз атқара білудің үлгісі болып табыласыз, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Алматы қалалық полиция департаменті – алты жарым мыңға жуық қызметкері бар Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ең ірі бөлімшесі.

Алматы полициясы өзінің қалыптасу тарихында көптеген лайықты көшбасшыларды дайындады.
Алматы ПД генерал жоғары атағын алған 4 министр, 16 ішкі істер министрінің орынбасары және 30 басшымен мақтанады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру