Алматыда интернет арқылы азаматтарды алдаған күдікті әйел ұсталды
Алматыда интернет арқылы азаматтарды алдаған күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
40 жастағы әйел өзін "әмбебап көмекші" ретінде көрсетіп, қайырымдылық қоры арқылы азаматтарға баспана алуға уәде берген, ал басқаларға интернет арқылы жоқ пәтерлерді жалға берген.
- Қазіргі уақытта полицияға алты адам арызданды. Келтірілген шығын көлемі "қызметке" байланысты 200 мыңнан 1,6 млн теңгеге дейін өзгереді. Бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдіктінің басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.