Алматыда ірі дүкеннің қоймасынан ноутбук ұрланды
Алматыда ірі дүкеннің қоймасынан ноутбук ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу ауданының тәртіп сақшылары өткен демалыс күндері бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша екі қылмыстың бетін ашты.
– Бірінші жағдайда 33 жастағы әйел адам ұрлық жасауға бел буды. Ол кафелердің бірінде бөтен біреудің ақшасы мен заттары салынған сөмкесін ұрлап кеткен. Тағы бір жағдайда, 41 жастағы Т.есімді азамат сауда үйлерінің бірінің қоймасынан ноутбукты ұрлаған. Екі жағдайда да қылмыс бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар өз істерін мойындады. Айтпақшы, ер адам бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеушілер ұсталғандардың басқа да ықтимал құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.