Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда кезекті “егіз” көлік табылды

Алматыда кезекті “егіз” көлік табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бұл жолы Ресей Федерациясының есебінде тұрған Toyota Estima көліктері тәртіп сақшыларының назарына ілікті.

– Біздің бөлімшенің экипажы алдымен егіз көліктің бірін ұстады. Одан әрі, “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, қала жолдарында бірдей мемлекеттік тіркеуіш нөмірлері мен құжаттары бар тағы бір бірдей көлік жүргендігі анықталды. Шағын автобус санаулы минуттарда табылды және ұсталды. Екі жүргізуші де көліктерін заңды түрде сатып алғандарын алға тартып, бұның қалай болғандығын түсінбей отыр. Екі шетелдік көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Аталмыш дерек бойынша аудандық Полиция басқармасында ресми тергеу басталды, – деді ЖПҚБ мамандандырылған батальонның командирі Жәнібек Өскембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру