Алматыда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды
Алматыда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Mercedes көлігін «Буран-001» патрульдік экипажы тоқтатқан. Жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін пайдалану дерегін мойындады.
Жалған нөмірлер арқылы ер адамның Жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны анықталды. Айыппұлдың жалпы сомасы 250 мың теңгеден асты. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметінде осы жылдың 10 айында «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі Алматы жолдарында 11 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркелгенін, оның ішінде жалған МТНБ-мен көлік жүргізу – 431, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың басқаруымен 122-і анықталғанын атап өтті.
Күн сайын «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» деректер базасына сақтандыру полисі жоқ шетелдік тіркеуден өткен МТНБ және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көліктер туралы мәліметтерді енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, бөлімшенің мәліметінше, қалада көліктерге арнайы дабыл беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.