Алматыда көлігінен жартылай жалаңаш қыз түскен жүргізуші жазаланды
Алматыда көлігінен жартылай жалаңаш қыз түскен жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл – 25 жастағы А.есімді азамат. Оның көлігінің ішінен жартылай жалаңаш қыз шықты. Еске салайық, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтары бар видео екі күн бұрын пайда болған.
– Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде, біздің бөлімшенің қызметкерімен құқық бұзушыға қатысты 230-баптың 2-бөлігі (Сақтандырудың жоқтығы), 590-баптың 9-бөлігі (Техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жүргізушімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көліктен түскен қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.