Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан күдікті қамауға алынды

Алматы қаласының Алатау ауданы полиция қызметкерлері автокөліктердің бүйір айналарын ұрлады деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін басқарманың кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, белгісіз адам Зерделі шағын ауданы аумағындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser автокөлігінің бүйір айналарын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

– Сонымен қатар ұрланған бүйір айналар тәркіленіп, іс бойынша заттай дәлелдеме ретінде танылды. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Даурен Керимбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру