Алматыда көлік полицейлеріне діни экстремизм туралы дәріс өткізілді
Алматыда көлік полицейлеріне діни экстремизм туралы дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының жеке құрамы арасында жуырда «Білім және жаңа инновациялық технологиялар» орталығы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.
Дәріс барысында Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі исламтанушы Нұрлан Мырзабаев деструктивті діни ағымдардың белгілері мен сол дінді ұстанушылардың әдеттері жайлы лекция оқыды.
Сонымен қатар ол экстремистік идеялардың таралуы, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы кеңінен әңгімелеп, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін, оның ішінде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін отбасында құқықтық сана мен толерантты дәстүрлерді арттырудың маңыздылығын атап өтті,
жеке құрам арасындағы дәріс кезінде көліктегі полиция департаменті ЭҚІҚБ бастығы Д.М. Діркенов та сөз сөйлеп, аталған тақырыптың көліктегі полиция қызметкерлері үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Сарапшылар дәріс соңында жеке құрамның өзекті сұрақтарына жан-жақты жауап берді.