Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды

Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері терезелері қараңғыланған көлікті басқарған жүргізушіні ұстады.

Тәртіп сақшылары “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласы Түрксіб ауданында 24 жастағы ер адам басқарған Hyundai көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында заң бұзушылық дерегі анықталды. Жүргізушіге шара қолданылды.

Жолдағы қауіпсіздік – басты басымдықтардың бірі. Біздің қызметкерлер күн сайын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсарту бойынша жұмыс істейді. Әрбір жол қозғалысына қатысушы басқалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауапты екенін түсіну маңызды. Алматы полициясы қала жолдарында тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. “Қауіпсіз жол” іс-шарасы қаланың барлық ауданын қамтиды және жол-көлік оқиғаларының, әсіресе жасөспірімдер мен жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын апаттардың алдын алуға бағытталған, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру