Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік ұрысы «ізін суытпай» ұсталды

Алматыда көлік ұрысы «ізін суытпай» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, сауда үйлердің бірінің тұрағынан ВАЗ-2114 көлігі ұрланған.

– Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Н. есімді азамат ұсталды. Көлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру