Алматыда көлік ұрысы қолға түсті
Алматыда көлік ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе 31 жастағы О.есімді азаматтың заңсыз әрекеті туралы.
– Біздің бөлімшенің кезекші бөліміне Toyota Camry көлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Қаланың бейнебақылау жүйелері арқылы күдіктінің жүріп өткен жолын анықтауға мүмкіндік туды. Жарияланған “Ұстау” жедел жоспарының нәтижесінде оның жолы кесілді: көлікті ұрлаған адам ұсталды. Ол өз ісін мойындады. Айтпақшы, ұсталған азамат бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Спикердің айтуынша, көлік ұрлығы алдыңғы есікті бұрағышпен ашу арқылы жасалған.