Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон бақылауы күшейтілді

Алматыда көші-қон бақылауы күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14-18 қазан аралығында “Нелегал – 2024” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Мақсат – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.

– Іс-шараның алғашқы күні қаладағы бірнеше құрылыс нысандарында еңбек мигранттары анықталды. Бұл алыс-жақын шетелдердің азаматтары. Бұл азаматтар көші-қон заңнамасын өрескел бұза отырып, елде болған. Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен олар елден шығарылатын болады. Іс-шара аясында полиция бөлімшелері жеке құрылыс нысандарын, базарларды, қоғамдық тамақтану орындарын, оқу орындарын, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін пайдалану ықтималдығы жоғары салынып жатқан ғимараттарды тексереді, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру