Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 534 азамат әкімшілік жауапқа тартылды

Алматы қаласында 14-18 қазан аралығында “Заңсыз келуші -2024” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараның негізгі мақсаты – заңсыз көші-қон арналары мен оған қатысты басқа да құқықбұзушылықтарды анықтап, олардың жолын кесу.

Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчиновтың мәліметінше, іс-шараның алғашқы екі күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 534 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасында болу ережелерін сақтамаған 405 шетелдік пен шетелдіктердің елде болуын заңды түрде қамтамасыз етпегені үшін 105 қабылдаушы тарапқа шара қолданылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 24 жұмыс берушіге айыппұл салынған.

Спикердің айтуынша, елден шығару туралы сот шешімдерін орындамаған 32 шетелдік анықталса, 29 шетелдік күштеп шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру