Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматы құрықталды
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматын анықтады, ол тиісті тіркеусіз жолаушыларды жеке тасымалдаумен (такси) айналысқан.
Бұдан бөлек, шетелдік азамат Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды, яғни жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмаған немесе қажетті рұқсат алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі (Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) және ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен шетелдік құқық бұзушы 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, ҚР тысқары шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.