Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «Лексус» бөлшектерін ұрлаған екі тұрғын ұсталды

Алматыда «Лексус» бөлшектерін ұрлап жүрген ер адамдар анықталып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, орындаушылар ретінде бірнеше автокөлік ұрлығын жасаған – 1997-1998 жылы туған М. және Х.есімді тұрғындар, ал сатып алушы – 1990 жылы туған Д.есімді ер адам анықталды.

 

 

«Соңғы уақытта біз тек «Лексус» 300, 330, 350 және 400 маркалы автомобильдерден қосалқы бөлшектердің ұрлану фактісі тіркелді. Кейбір қымбат кроссоверлердің автокөлік иелері, автомобильдің басқа да көтергіш бөлшектерін ұрлатып алды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де пайда бола бастады. Осы уақытқа дейін арнайы тергеу-жедел тобы осыған ұқсас бірнеше ұрлықты ашумен айналысқан болатын. Қылмыстық топ дереу анықталды. Оның мүшелерін Алмалы ауданының аумағында басқа адамдардың мүлкін пайдалануға әрекет жасау кезінде әшкереледі. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Тергеудің осы кезеңінде бұл қылмыстық топтың осыған ұқсас 15 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды»,- деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғанәлі.

Спикер, сотқа дейінгі тергеу амалдары Алмалы аудандық ПБ-ның полиция бөлімінде өтіп жатқандығын хабарлады және ұрлық салдарынан бұрын автокөліктерінің бөлшектерін жоғалтқан және қандай-да бір себептермен полицияға жүгінбеген тұрғындарға жоғарыдағы бөлімге өтініш беруге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру