Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мас жүргізушілер ұсталды

Алматыда мас жүргізушілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі профилактикалық рейд өткізді. Шараның мақсаты - жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу болды.

Рейд барысында ондаған заң бұзушылықтар анықталды. Көлікті мас күйінде жүргізгені, сақтандыру және техникалық байқаудан өтпегені, әйнектері қараңғыланған және мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізгені үшін жүргізушілерге хаттамалар толтырылды. Бағдаршамның қызыл түсіне өту, маневр жасау ережелерін бұзу, көлікті дұрыс қоймау және төтенше жағдай туғызу деректері тіркелді.

 - Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету біз үшін басты міндет болып қала береді. "Профилактика жылы" және "Заң мен Тәртіп" қағидатын ұстанып, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күн сайын жалғасатын болады, - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру