Алматыда мектеп оқушылары жол қауіпсіздігі бойынша науқанға қатысты
Алматыда мектеп оқушылары жол қауіпсіздігі бойынша науқанға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл «Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы аясында өткізілді, оның мақсаты – балалардың жарақаттануының алдын алу, жол-көлік оқиғаларының өсуін азайту. Оның себептерінің бірі – балалардың жол қозғалысы ережелерін білмеуі. Сондықтан балалардың құқықтық санасын арттырып, жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, жолда өзін-өзі ұстауға дағдыландыру қажет.
Осыған байланысты, Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты қала әкімдігімен, полиция департаментімен және С.Демирел атындағы лицеймен бірлесіп, оқушыларға жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту бойынша іс-шара өткізді.
Мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігіне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ жас жол қозғалысына қатысушыларға жолдың жүру бөлігін қауіпсіз кесіп өту ережелерін түсіндіру.