Алматыда мерекеге орай балалар колониясында ашық есік күні өтті
Алматыда мерекеге орай балалар колониясында ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы балалар колониясындағы жасөспірімдердің асыға күтетін мерекелерінің бірі – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке кезінде ашық есік күні ұйымдастырылып, жасөспірімдар ата-ана, туған-туыстарымен қауышады. Биыл да олар жақындарымен жүздесіп, мереке күнінің қуанышын бірге бөлісті.
ҚАЖД бастығының орынбасары А.Аманжолов мерекені құттықтау сөзбен ашып, жасөспірімдердің тезірек бостандыққа шығып, өздері қалаған мамандық иесі болуларына тілек білдірді.
Сонымен қатар мерекеге Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы қаласы бойынша өкілі Қ.Малдыбаев және Алматы қаласы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы С.Елькеев және Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қоғамдық-бақылау комиссиясының төрағасы А.Жанабилова, наиб имам А.Қойшыбаев және ҚАЖ саласының ардагерлері қатысып, жазалы балаларға жарқын болашақ тіледі.
Е.Сағалбаев балаларға Ардагерлер кеңесінің атынан кір жуатын машина сыйға тартты.
Мереке күні Қарасай ауданы Райымбек ауылың “Дариға-ай дәурен” ардагерлер ұйымының ансамблі концерт қойса, әнші Ахан Еркебұлан ән шырқады. Балалар скрипкашы Шынар Барлықова орындаған сазды әуендер ырғағымен би билеп, мереке сәнін келтірді.
Балалар мерекесінде Алматы орталық мешітінің ұйымдастыруымен жазалы жасөпірімдер үшін мерекелік дастархан жайылып, мерекеге атсалысқан қонақтарға департамент бастығының орынбасары А.Аманжолов алғыс хаттар табыстады.