Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматыда мешіттерде ұрлық жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректерін әшкереледі. Күдікті ұсталып, оның жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысын жасырын жүзеге асырған.

— Азаматтардың қауіпсіздігін, әсіресе адам көп жиналатын орындарда қамтамасыз ету — біз үшін аса маңызды. Мұндай қылмыстар тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына да нұқсан келтіреді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде ұрлықтарға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденді. Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

— Азаматтарды жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырамыз. Түскен барлық ақпарат міндетті түрде мұқият тексеріледі, — деп толықтырды Е. Байғараев.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру