Алматыда мотоцикл, мопед және самокат жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды
Алматы қаласы полиция департаменті мотоцикл взводының қызметкерлері Алматы жолдарында мотоцикл, мопед және самокаттар жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдың жаз мезгілінде алматылық полиция қызметкерлері жолдарда мотоциклмен патрульдеу жұмыстарын бастайды. Басты мақсат – баламалы көлік түрінің жүргізушілері тарапынан жіберілетін заң бұзушылықтарды анықтау.
Жергілікті полицияның айтуынша қызметтік мотоциклдер мобильді болуға мүмкіндік береді, патрульдік қызметкерлерінің қылмыс болған жерге дер кезінде жетуін жылдамдатады және қала жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары мотоциклмен патрульдеу арқылы көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерінің жолын кеседі.
Маусым басынан бері мотоцикл взводының қызметкерлері Алматы жолдарында мотоцикл, мопед және самокаттар жүргізушілерінің 400-ден астам ЖҚЕ бұзу дерегін анықтады.