Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мыңнан астам қару иесі тексерілді

Алматыда мыңнан астам қару иесі тексерілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, Алматыда “Мерген” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында азаматтық және қызметтік қару иелеріне тексеру жүргізілуде. Мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу және тіркелген қаруды қолданумен байланысты қылмыстарды болдырмау.

— Рейд басталғаннан бері полиция қызметкерлері мыңнан астам қару иесінің сақтау жағдайын тексерді. Сақтау ережелері мен тіркеу мерзімін бұзудың 20-дан астам дерегі анықталды. Барлық тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз: азаматтарға қаруды сақтау ережелерін, рұқсаттарды ұзарту мерзімдерін қатаң сақтау керектігін, сондай-ақ ықтимал жауапкершілік – қылмыстық жауапкершіліктің де бар екенін ескертеміз, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Айымбетов.

Алматы полициясы барлық қару иелерін, рұқсаттарын дер кезінде ұзартып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру