Алматыда пәтер сату туралы жалған келісім-шарттар жасаған алаяқ ұсталды
Алматыда пәтер сату туралы жалған келісім-шарттар жасаған ақмолалық алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары аясында пәтер сатып жүрген күдіктіні анықтады. Бұл Ақмола облысының тумасы болып шықты.
– 35 жастағы И.есімді азамат пәтер сату туралы хабарландыруларды орналастырды. Сатып алушылар пайда болған кезде ол жалған сату-сатып алу келісім-шартын жасаған. Ол ақшаны алып, сатып алушымен байланысын үзіп, белгісіз бағытта жасырынған. Күдікті соңғы мәмілені 11 миллион теңгеге жуық сомаға жасаған, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықталды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл адамның әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Алмалы аудандық полиция Басқармасына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.