Алматыда пәтер тонаған күдікті қолға түсті
Алматыда пәтер тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер тонады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.
Қаскөй үйге заңсыз кіріп, иесінің мүлкін ұрлап кеткен.
- Полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. "Заң және Тәртіп" қағидасы аясында бөтеннің мүлкіне қол сұққан барлық адамдар анықталып, заң аясында жауапқа тартылады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Одан әрі тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Полиция азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- есіктерді мықтап бекіту;
- дабыл жүйелерін орнату;
- басып кіру белгілері анықталса, дереу "102" телефоны арқылы полицияға хабарласу.