Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды

Алматыда пәтер ұрыларының тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топты ұстау іс-шарасын Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен жүргізді.

– Төрт ер адам ұсталды. Олар қаланың түкпір-түкпірінде бөтен адамдардың пәтерлеріне кіріп, бағалы заттарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық топтың үш ұрлық эпизодына қатысы бар екендігі анықталды. Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Үй иелерінің бар-жоғын тексергеннен кейін олар терезені ашып, тұрғын үйге кірген. Олар алып кетуге болатынның бәрін алып шыққан. Олар: алтын бұйымдар, қолма-қол ақша және тұрмыстық заттар. Қазіргі таңда «қылмыстық төрттік» мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Айтпақшы, күдіктілер 30, 29 және 28 жаста. Аталған қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасуда. Қылмысқа қатысушылардың төртеуі де бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру