Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері тұрғынның өмірін сақтап қалды

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды ажалдан құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» пультіне Рысқұлов даңғылы бойындағы хостелдердің бірінде, 4-қабаттың терезесінде ер адамның өз-өзіне қол жұмсамақ болып отырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Оқиға орнына «Буран-175» және «Буран-170» патрульдік экипажы жедел жетті. ППП қызметкерлері мән-жайды зерделеп, терезедегі ер адаммен әңгіме-дүкен құрып, оның көңілін басқа жаққа аудара бастады. Осы уақытта инспекторлардың бірі қолайлы сәтті күтіп, ер адамды мойнынан ұстап, бірлесе отырып бөлмеге сүйреп кіргізді. Күдіктінің мас болғаны белгілі болды. Ол отбасылық мәселелеріне байланысты шарасыз әрекетке баруды ұйғарғанын айтты, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Дәрігерлер зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін мән-жайдың анық-қанығына жету үшін Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің объективті себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру