Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ПД бастығының жеке қабылдауына 100-ден астам азамат жазылды

Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мүдделі құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылдау барысында көтерілген өтініштердің басым бөлігі қылмыстық істерді тергеу барысына қатысты болды. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторларының қызметі, кадр саясаты және қызметтік жұмысты ұйымдастыру мәселелері де назарға алынды. Әрбір өтініш жан-жақты әрі мұқият қаралып, азаматтарға нақты түсіндірмелер берілді, жауапты бөлімшелерге тиісті тапсырмалар жүктелді.

Алматы қаласы полициясының басшысы азаматтармен тікелей байланыстың маңыздылығын, халықтың үнін естіп, "Заң және тәртіп" қағидаты аясында қатаң әрі әділ әрекет етудің қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігіне ерекше мән берілетінін жеткізді.

– Біз үшін халықпен тікелей байланыста болу – аса маңызды. Әрбір уәж тыңдалып, әрбір өтініш мәні бойынша қаралуы тиіс. Бұл – мемлекет пен азаматтарға адал қызмет етудің, заң аясында ашық әрі әділ жұмыс істеудің нақты көрінісі, – деді Айдын Қабдулдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру