Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицей әйелдер алғаш рет қоян-қолтық ұрыс жарысына қатысты

Алматыда полицей әйелдер алғаш рет қоян-қолтық ұрыс жарысына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Ұйымдастырушы Алматы қалалық ПД мамандандырылған және жұмылдыру дайындығы басқармасы болды.

Биылғы турнир тарихи оқиғаға айналды: татамиге алғаш рет полицей әйелдер шықты. Қызметкерлер ерлік, төзімділік пен жеңіске деген жігердің жынысқа тәуелді емес екенін дәлелдеді.

53 келі салмақта бірінші орынды ЖҚАЖ аға инспекторы Сая Әуелбекова жеңіп алды.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы инспекторы Мәдина Қайыржановаға бұйырды.

70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ЖҚАЖ инспекторы Гүлбақыт Нұрғазиева жеңіске жетті.

Жарысқа Алматы полиция департаментінің түрлі бөлімшелерінен барлығы 139 спортшы қатысты. Қатысушылар 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Командалық жарыстың қорытындысы бойынша:

1-орын – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың құрама командасы

2-орын – Түрксіб аудандық полиция басқармасының командасы;

3-орынды - Метрополитендегі полиция басқармасының құрама командасы иеленді.

Спорттық жарыс тек дене шынықтыру сынағы ғана емес, моральдық және ведомстволық бірлікті нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру