Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер 50 түп ағаш отырғызды

"Таза Қазақстан" республикалық науқаны аясында Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ведомстваның әкімшілік ғимараттарына іргелес орналасқан А.Байтұрсынов атындағы алаңға 50 түп ағаш отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасыл бастама полиция қызметкерлерінің қаланы көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі болды.

Науқанға қызметтер мен бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ қызмет ардагерлері қатысты.

- Өз еліңе тек қызметтік міндеттерін атқару кезінде ғана емес, осындай игі, жасампаз істермен де қызмет ете аласың. Ағаш отырғызу – ұрпақтар сабақтастығының, болашаққа деген қамқорлықтың, жеріңе деген құрметтің белгісі. Бұл көшеттер тамырын жайып, қала тұрғындарын алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы қуантады деп сенеміз, - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Полиция қызметкерлері мұндай науқандардың ұжымдық рухты, бірлікті нығайтуға және қоршаған ортаға деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру