Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барды

Алматыда полицейлер Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан халқының тілдері күні және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мәдени-патриоттық іс-шара өткізді. Оның мақсаты – рухани құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілге құрмет көрсету.

Жас полицейлер Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына барып, ұлт руханияты мен қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығымен танысты. Кездесу соңында ғалымның еңбектерінің бірі оқылып, тіл мен мәдениеттің ел бірлігін нығайтудағы маңызы атап өтілді.

– Тарихқа, тілге және мәдениетке құрмет – полиция қызметкерінің кәсіби әрі азаматтық келбетінің маңызды бөлігі. Біз жас қызметкерлерді ұлы тұлғалардың өнегесі арқылы тәрбиелеуге және патриотизмді нығайтуға ұмтыламыз, – деді Алматы қаласы аолиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Бұл іс-шара Алматы қаласы полиция департаментінің жеке құрамды рухани-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу және елдің мәдени мұрасына құрмет қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру