Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер аязда ес-түссіз қалған азаматты құтқарды

Алматыда полицейлер аязда ес-түссіз қалған азаматты құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен патрульдік полиция қызметкерлері стационарлық полиция бекетінде көшеде ес-түссіз күйде жатқан ер адамға дер кезінде көмек көрсетті.

Қызмет барысында полицейлер қозғалыс белгілері байқалмаған азаматты анықтап, оны жедел түрде полиция пунктіне жеткізді. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жылыту шаралары жүргізілді. Кейін жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат әрі қарай ем қабылдау үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Алматы қаласы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының командирі Азамат Исергужиннің айтуынша, полиция қызметінің басты міндеті тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар көмекке мұқтаж азаматтарға уақытылы қолдау көрсету болып табылады.

— Қызметкерлеріміздің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды, — деді ол.

Алматы қаласы полиция департаменті қыс мезгілінде тұрғындарды барынша сақ болуға шақырып, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел қызметтерге дер кезінде жүгінудің маңыздылығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру