Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицейлер рейд барысында заңсыз сауда мен ұсақ бұзақылықты тоқтатты

"Заң және тәртіп" қағидаты мен "Профилактика жылы" аясында Әуезов ауданының полицейлері "Кар Сити" сауда орталығы аумағында кезекті рейдтік іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында рұқсат етілмеген сауда жасау, азаматтардың мазасын алу, жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету станцияларында темекі шегу, қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау деректері анықталды. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер ішу және ұсақ бұзақылық фактілерінің жолы кесілді.

Нәтижесінде 38 адам жауапқа тартылды. Полиция бөлімшесіне жедел есепте тұрған 39 адам жеткізілді, олардың төртеуі – шетел азаматтары. Сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар анықталды.

Көлікті рұқсат етілмеген жерге қойғаны үшін 27 жүргізуші жауапқа тартылып, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

— Профилактика жылы – бұл тек жоспарлы іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тәртіптің сақталуын тұрақты бақылау. Алматы полициясы күн сайын көшелерде, халық көп жиналатын орындарда және тұрғын аудандарда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізеді. Кез келген құқық бұзушылыққа жол берілмейді, ал кінәлілер заң алдында жауап береді, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру